Белгілі сатирик ақын Оспанхан Әубәкіров консерваторияның актерлік факультетін бітірген ғой. Осы оқу орнын бітірерде дипломдық спектакль «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» болады да, Оспанханға Жантық рөлі тапсырылады. Оспанхан Жантық рөлін өзінше ойнағаны сонша екі дай пікір ду ете қалады. Бір жағы – «Оспанханнан әртіс шықпайды» – десе, екінші жағы – «Өзіндік ой-өрнегі бар». Дау өрши келе алдымен факультеттік, сонан соң кафедра, деканат қатыстырылған жалпы жиналыста қаралады. Онда пәтуалы пікірге тоқтай алмаған даушылар ректорат пен мемлекеттік комиссияға тіреледі. Соңғы сынақ Оспанханға «бес» деген баға береді. Сонда Оспанхан: Ойнаймыз деп Жантықты, Қалмады ғой жан тіпті. Оспан әртіс болмас деп, Кейбіреулер тантыпты, – деген екен.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




