- Advertisement -

Сенат депутаттары – Таразда

61

- Advertisement -

Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаттары Е.Астаев пен М.Жолдасбаев жұмыс сапарымен Тараз қаласында болды. Халық қалаулылары сапар барысында Қазақ хандығының 550 жылдығына дайындық жұмыстарымен танысты.
Алдымен сенаторлар «Әулиеата» әуежайындағы жаңғырту жұмыстарымен танысып, нысанның жұмысына оң бағаларын берді. Келесі кезекте халық қалаулылары Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан қаланың батыс қақпасын қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Осы даңғыл бойында мерейтойға арналып бой көтеріп жатқан Қазақ хандығының 550 жылдық монументі құрылысының жай-жапсарына қаныққан сенаторлар құрылыстың уақытында аяқталуына назар аударды.
Сондай-ақ, Сенат депутаттары Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент саябағының маңында Атырау облысының тартуы ретінде соғылып жатқан гүлзар жұмыстарына өз ризашылықтарын білдірді. Жамбыл ескерткішінің қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. Ескерткіш пен оның маңайын абаттандыру жұмыстарымен Алматы облысы айналысуда. Сонымен қатар, сенаторлар бұрынғы Көкбазар аумағында құрылысы жүргізіліп жатқан Көне Тараз мәдени-тарихи мұражайының жұмысымен танысып, нысанды тездетіп аяқтауға күш салу керектігін мердігерлердің назарына  салды.

«Ақ жол-Ақпарат».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support