«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Демеушілер жарап тұр

Демеушілер  жарап тұр
ашық дереккөз
Демеушілер жарап тұр

Қаратау қаласындағы А. Байтұрсынұлы атындағы гимназия ұжымы жаңа оқу жылына жан-жақты дайындықпен келіп отыр. Жаз айларында білім ұясының ғимараты мектеп ұжымының күшімен ағымдағы жөндеуден өткізіліп, сынып бөлмелері толық әктеліп, сырланды. Сондай-ақ, биыл мектеп табалдырығын аттайтын 130 оқушыдан сынама алынып, білімдері тексерілді. Әрі оларға Елбасының тапсырмасы бойынша демеушілердің көмегі нәтижесінде 128 мың теңгеге оқулықтар алынып, табыс етілді. «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтамасыз етілген отбасылардағы 42 оқушы есепке алынып, солардың он екісінің әрқайсысына аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен мектеп ұжымының демеушілігімен мектеп формасы, дәптер, кітаптар, сөмке, спорттық киім және басқа да қажетті керек-жарақтары алынды. Бұл игі шара қыркүйек айының соңына дейін созылады. Дегенмен, біз уақытты созбай, демеушілік көмекті күтетін өзге де оқушыларды анықтап, олардың жетіспейтін киімін, оқу құралдарын 1-ші қыркүйекке дейін алып беруді діттеп отырмыз. Тоқ етер сөздің түйіні, оқушыларымыздың жаңа оқу жылында алаңсыз білім алуы үшін бар мүмкіндіктерді жасай бермекпіз. Оған мектептің педагогикалық ұжымының тәжірибесі де, мүмкіндігі де жетеді. Өткен оқу жылын табысты аяқтағанбыз. Мектеп бітірген 44 оқушымыз ұлттық бірыңғай тест тапсыруда аудан бойынша жоғары көрсеткішке жетті. Бес оқушымыз «Алтын белгі» иегері атанды. Алда да сол тұғырдан көрінуді межелеп отырмыз.

Дүйсен Нұрболатов, А. Байтұрсынұлы атындағы гимназияның директоры, аудандық мәслихаттың депутаты. Талас ауданы.

Ұқсас жаңалықтар