Жамбылда не жаңалық?
Байзақ
Облыс әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы мекемесінің ұйымдастыруымен Түймекент орта мектебінде жиын өтті. Жиынға Түймекент ауылдық округі әкімінің орынбасары Т. Мысықбаев, Дін проблемаларын зерттеу орталығының бөлім басшысы Ерзат Жақыпов және ауыл тұрғындары қатысты. Басқосу барысында дінімізді құрметтеу, экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелеріне баса назар аударылып, жат ағымдардың жетегінде кеткен қандастарымыз туралы бейнефильмдер көрсетілді. Мойынқұм Аудандық Мәдениет үйінде «Балаларға бірге көмек берейік!» атты «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілді. Аз қамтылған және көп балалы отбасылары мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға аудан әкімдігінің бөлімдері, мәслихат, ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемелердің басшылары, Жамбыл мектеп-гимназиясы, М.Жұмабаев, Т.Рысқұлов атындағы орта мектептер мен №8 Мойынқұм колледжінің 11 оқушысына заттай және қаржылай сыйлықтарын тапсырды. Шу Қалалық «Локомотив» стадионында аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар» МКҚК орталығының ұйымдастыруымен ҚР Конституциясына 20 жыл толуына орай «Ата заңым айбыным» атты аудан жастары арасында спартакиада өтті. Іс-шараға аудан жастары, Шу ауданы әкімдігінің спорт бөлімі, ауыл әкімшіліктерінің жастар ұжымы қатысты. Арқан тарту, қол күрес, кіші футбол ойындарынан үздік деп танылған жеңімпаздар Ә. Токулиев «Үздік шабуылшы», М. Орынбаев «Үздік қорғаушы», Ә.Қожа «Үздік қақпашы» номинациаларымен марапатталды.Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында 46 көпқабатты тұрғын үй салынуда
- 1 желтоқсан, 2025
Жазушыға 100 сұрақ: Көсемәлі Сәттібайұлы оқырманмен кездесті
- 20 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




