Автобекет айрықша абаттанады

Автобекет айрықша абаттанады
ашық дереккөз
Автобекет айрықша абаттанады

Қазақ хандығының  550  жылдық мерейтойы  қарсаңында тарихи Тараз шаһарында тағы бір нысан – автобекет айрықша реңкке ие болып, абаттана түсуде.  Мұндағы   көріктендіру  жұмыстарына  Солтүстік Қазақстан облысы 50  миллион  теңге  көлемінде қаражат бөлді. Біраз уақыт бұрын   басталған  шаруаны мердігер компания байзақтық  «Бурыл-Бетон» жауапкершілігі шектеулі  серіктестігі жүргізуде. Құрылыс  басына барғанымызда  еңбекке  тартылған  25 адамның  тынымсыз тер төгіп жатқанын  көрдік. Жұмысшылардың  орташа  айлық табысы – 80-90  мың теңге көлемінде екен.  Автобекет маңында жобаға сәйес   субұрқақ   салынады. Күніне  мыңдаған жолаушы   сапарға шығатын нысанның айналасы гүлдермен  көмкеріліп, жасыл  төсеніштер төселеді. Жағалай жарық шамдар  қойылады. – Автобекет  – мыңдаған  жолаушылардың  аялдайтын  орны. Сондықтан, мұндағы абаттандыру ерекше үлгіде болуы тиіс. Сол жағына  баса ден қойдық. Субұрқақтан су атқылап, түрлі гүлдер төңіректі  сәнге бөлегенде, келушілердің  көңілдері де көтерілетіні белгілі. Жұмысқа 5-6  техника  жұмылдырылған. Жұмысымыз кестеге  сай жүргізіліп  жатыр, – дейді «Бурыл-Бетон» ЖШС-ның аға прорабы Христафор Врасиди.

Есет Досалы, «Ақ жол». Тараз қаласы.

Ұқсас жаңалықтар