- Advertisement -

Қатарынан оза шауып, бәйге алған…

94

- Advertisement -

Спортшылар төл мерекелерінде құрметке бөленді

Тамыз айының үшінші жексенбісі еліміздің абыройын асырып, мерейін тасытып, көк Туымызды көкте желбіретіп жүрген спортшыларымыздың төл мерекесі екені белгілі. Айтулы мереке күні жаттығу залында терге малшынып, мемлекет беделі үшін аянбай еңбектеніп жүрген спортшыларымыз бен олардың бапкерлері құрметке бөленді.
Орталық Достық алаңында аталып өткен спортшылар мерекесінде Тараз қаласы әкімінің орынбасары Маржан Қожаева өңірдің білекті, жүректі саңлақтарына қала әкімінің Алғыс хаттарын табыстап, құрмет көрсетті.
– Еліміздің намысын абыроймен қорғап жүрген сіздердің еселі еңбектеріңіз біз үшін әрқашан да қымбат, бағалы. Сіздер әлемдік, құрлықтық, халықаралық додаларда олжа салған кезде біз де марқайып қаламыз. Кеудемізді мақтаныш сезімі керней түседі. Жеңістеріңіз көп болсын! –деді шаһар басшысының орынбасары спортшыларды төл мерекесімен құттықтап.

Бұл күні Азиадада атой салған каратэдо спортының мықтысы Гузалия Гафурова, армрестлингтен Азияның абсолютті чемпионы  Дмитрий Трубин бастаған бірқатар спортшылар және жаттықтырушылар қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Үздіктерге құрмет көрсетілген бұл күні өзге де спорттық додалармен мерекенің мәні ашыла түсті. Ал қошемет пен марапатқа ие болған саңлақтарымыз «Алдағы уақытта да ел сенімін ақтап, байрақты бәсекелерде өңіріміздің атын асқақтата беретін боламыз. Жеңіске жету жолында жанкешті еңбек етуден талмаймыз» дейді өздеріне сенімді кейіппен.

Табиғат Абаилдаев,

«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support