- Advertisement -

Жаңа келбетке ие болады

80

- Advertisement -

IMG_3632Қазақ хандығының 550  жылдығын тойлайтын  сәтке аз ғана уақыт қалды.  Бұл ауқымды  шараға  байланысты  жұмыстарға ерте қамданған біздің  облыстың  дайындығы  көңіл тоғайтады. Ең бастысы, мерейтойдың  басты шаралары өтетін Тараз қаласын жаңарту, көркемдеу,  көріктендіру  жұмыстары  тоқтаусыз жүріп жатыр.  Қала  тұрғындарының  назары Жамбыл даңғылы бойындағы  «Тараз» қонақ үйінің алдындағы  абаттандыру жұмыстарына ерекше ауып отыр.
Мұндағы   жұмыстардың жандануына Маңғыстау  облысы 50 миллион теңге қаражат қарастырған. Құрылыс  жұмысын «Әлімжан  Компани» ЖШС жүргізуде. Абаттандыру жұмыстарына 32  адам тартылып,  құрылысқа 7 техника жұмылдырылған. Алаңның орта тұсына орнатылған қазақы киіз  үйдің жобасы төңірекке ерекше көрік береді.
Бұл құрылысқа қажетті  әктас Маңғыстау облысының Жаңаөзен өңірінен жеткізілсе, субұрқақтың  гранит тасы Қордайдан алыныпты. Субұрқақтан, үлкен  құмырадан бұлақтың суындай мөлдіреп тамшылар ағып тұрады. Бордюрлерге де Қордайдың  гранит өнімі  қолданылған. Жерге  төселген  төсеніш  тастар Сарысудың Ұланбел,  Жамбыл ауданының Аса ауылдарының төңірегінен  табылыпты. Байқап  отырсаңыз  құрылысқа  жергілікті өнімдер  көбірек қолданылған.
–Біз бұл алаңды абаттандырарда  табиғи сұлулыққа  ерекше мән бердік. Мәселен, қазақы үй жобасының төңірегіне түгел  жасыл жамылғы  төселіп, гүлдер, талдар  егіледі. Сондай-ақ, мұнда Тараздың тығыздалған  төсеніш тастарын пайдаланамыз. Тарихи танымға жетелейтін  үлкен барельефтің де маңызы ерекше.   Мұнда келген  қала тұрғындары ерекшелікті  аңғарып,  табиғаттың сұлу көріністерін сезінетін болады. Осы мақсат жолында  біздің  серіктестіктің  құрылысшылары, шеберлері, жұмысшылары  аянып жатқан жоқ. Тарихи  тойға  естелік  қалдырғымыз келеді, – дейді мердігер компания  «Әлімжан Компани» ЖШС-нің  директоры Ерлан Әбдуалиев.

Есет Досалы,
«Ақ жол».

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support