Отандық медиа – нарықтың көшбасшысы

Отандық медиа –  нарықтың көшбасшысы
ашық дереккөз
Отандық медиа – нарықтың көшбасшысы

Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев «ҚазАқпарат» ХАА басшысы Дәурен Дияров пен  оның ұжымын агенттіктің құрылғанына 95 жыл толуымен құттықтады. Құрметті Дәурен Кеңесұлы! Құрметті  «ҚазАқпарат» ұжымы! Сізді және еңбек ұжымыңызды шын жүректен агенттіктің айтулы мерейтойымен құттықтаймын. Агенттік басынан өткерген 95 жыл тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихы жолында ел биографиясының ұмытылмас беттерінің теңдесі жоқ жылнамасына айналды. Осы уақыт ішінде ақпараттық агенттік отандық медиа-нарықта сенімді  көш бастап келеді. Ақпараттық агенттік елде болып жатқан барлық маңызды тарихи оқиғалардың куәгері, саяси және экономикалық қайта құруларды жүргізуге ықпал ететін идеялар алаңы болып табылады. Агенттіктің жарқын беттерінде Жамбыл облысының да әлеуметтік-экономикалық өміріне арналған материалдардың лайықты орны бары қуантады. Сіздердің жұмыстарыңыздың арқасында миллиондаған адамдар Отанында болып жатқан маңызды оқиғаларға өзінің де қатыстылығын сезіне бастады. Республикадағы оң өзгерістерді халықтың оң қабылдауына, халықаралық аренадағы мемлекетіміздің жоғары беделіне едәуір деңгейде «қазақпараттықтар» өз үлесін қосып келеді. Алдағы уақытта да қызмет-теріңіз Мемлекет басшысы айқындаған, жүргізіліп жатқан  реформаларды елде кеңінен насихаттауға толық көлемде ықпал ете беретініне сенімдімін. Мерейтой құтты болсын! Шығармашылық табыс, зор ден-саулық, барлық бастамаларыңызға жетістік тілеймін!

Құрметпен,   Жамбыл облысының әкімі К. Көкірекбаев.

Ұқсас жаңалықтар