Бір күн ішінде Қазақ-Қырғыз шекарасын 190 жүк көлігі кесіп өтті
- author «Ақ жол»
- 17 тамыз, 2015
- 584
Кедендік бақылау доғарылғаннан кейінгі бір күн ішінде Қазақстан-Қырғызстан шекарасын 190 жүк көлігі кесіп өтті.
Сегіз өткізу бекеті арқылы 120 көлік Қазақстанға, ал 70 жүк көлігі Қырғызстанға өтті. Қырғызстан экономика министрлігі бұл көрсеткіш Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіргенге дейінгіден екі есе үлкен екендігін хабарлады. Ведомстводағылардың мәліметінше, бекеттердегі бақылау қарапайым режімде жүріп жатыр. Тек кедендік бақылау ғана доғарылды. Коммерциялық тауарлары бар жүк көліктері мемлекеттік бақылаудан өткендігі туралы арнайы талон алуы керек. Тағам өнімдері бар көліктер фитосанитарлық және ветеринарлық бақылаудан өтеді. Шекараны кесіп өтетін адамдар ғана қалағандарынша жүк алып өте алады. Айдың соңына дейін барлық бекеттерде Қырғызстан экономика министрлігінің қызметкерлері жұмыс істейді.
Ұқсас жаңалықтар
Жалақы алған күні өзіңді өте бай сезінбе...
- Бүгін, 17:50
Қажет пе, қалау ма: саналы тұтынудың пайдасы
- 22 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




