Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Баласағұн кітапханасы» сериясы бойынша бірнеше жаңа кітаптар жарық көрді. ТарМПИ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ғылыми еңбектер архив құжаттары және қордаланған материалдардың негізінде даярланған. «Жетісу Ресей империясының құрамында» атты монографияда XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезіндегі патша өкіметінің Жетісу өлкесінде жүргізген отаршылдық саясаты, казактар мен орыс шаруаларының өлкеге қоныстандырылуы және оның салдары, жергілікті халықтардың дәстүрлі жер пайдалану жүйесінің бұзылуы қамтылған. Сонымен қатар, отаршылдық саясатқа қарсы шыққан тұлғалар туралы және XX ғасырдың басында өлкеден шыққан қазақ зиялыларының жалпы мұсылмандық қозғалысқа тартылуы, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезіндегі Жетісу халықтарының көтерілісі және оның барысына байланысты мәселелер топтастырылған. «Бұл кітапта тың деректер молынан кездеседі. Ең алдымен тарихи ақтаңдақтардың орнын толтыруға қадам жасалған», - дейді кітап авторы, ТарМПИ ректоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дария Қожамжарова.
Ұқсас жаңалықтар
Қазіргі қазақ прозасы не айтқысы келеді?
- 4 желтоқсан, 2025
Қазақ өлеңіне қолдау мен құрмет
- 1 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




