Көркем есімді көріктілерім
Арайлап атар жаңа таңдарым,
Аяулыларым алақандағы.
Дүрбелең мынау дүние көште,
Аман болыңдар, балапандарым!
Құлпырған қырда қырмызыдайын,
Гүл кейіптеріңе кіл қызығайын.
Көлеңке тұсы көптеу өмірде,
Жарық болыңдар, жұлдызым, айым.
Сендер дегенде еріп жүрегім,
Қылықтарыңды көріп күлемін.
Көз тимесінші, сөз тимесінші,
Көркем есімді көріктілерім!
Өздеріңменен бағым мәуелі,
Сендермен өмір сондай әдемі.
Балдай ғып берген ботақандарды,
Жаратқан Алла қандай кең еді!
Таңдалып көне мұрағаттардан,
Жүрегімізге ұялап қалған.
Құран сөзінен қойылған есім.
Қорғап жүрсінші қиянаттардан.
Табылсын анаң қасыңнан дәйім,
Тасқа тимесін асыл маңдайың.
Аят-сүренің нұры түссінші,
Кәусарым – күнім, Ясинам – айым! Зеберкүл Шардарбекова, Қаратау орта мектебінің ұстазы. Талас ауданы.Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




