Кеше Тараз қалалық Мәдениет үйінде өткен салтанатты жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков құрылыс және көлік қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, сала үздіктерін марапаттады. Кәсіби мерекеге орай ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, ел дамуына өзіндік үлес қосқан бірқатар азаматтар «Қазақстанның Құрметті құрылысшысы» атағына ие болса, табандылықпен тер төгіп, зәулім сарайлар мен тақтайдай тегіс жолдардың салынуына үлестерін қосып жүрген және бір топ азамат министрліктің, облыс әкімінің, облыстың Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапатталды. – Сәулетшілердің, жобалаушылардың, мүсіншілердің, құрылысшылардың еңбегінен туған әсем де зәулім ғимараттар да ел игілігіне арналған. Сондықтан, сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен бай тәжірибелеріңіз қашанда құрметке лайықты, – деген Бекболат Серікбекұлы облыс құрылысшылары мен көлік саласы қызметкерлерінің өңір экономикасына қосып отырған қомақты үлесі жайлы айтты. Марапаттау рәсімінен кейін салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласты.
Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
«Made in KZ» көбейген сайын отандық бизнес дамиды
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




