- Advertisement -

Құрылысшыларға құрмет

89

- Advertisement -

Кеше Тараз қалалық Мәдениет үйінде өткен салтанатты жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков құрылыс және көлік қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, сала үздіктерін марапаттады.
Кәсіби мерекеге орай ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, ел дамуына өзіндік үлес қосқан бірқатар азаматтар «Қазақстанның Құрметті құрылысшысы» атағына ие болса, табандылықпен тер төгіп, зәулім сарайлар мен тақтайдай тегіс жолдардың салынуына үлестерін қосып жүрген және бір топ азамат министрліктің, облыс әкімінің, облыстың Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапатталды.
– Сәулетшілердің, жобалаушылардың, мүсіншілердің, құрылысшылардың еңбегінен туған әсем де зәулім ғимараттар да ел игілігіне арналған. Сондықтан, сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен бай тәжірибелеріңіз қашанда құрметке лайықты, – деген Бекболат Серікбекұлы облыс құрылысшылары мен көлік саласы қызметкерлерінің өңір экономикасына қосып отырған қомақты үлесі жайлы айтты.
Марапаттау рәсімінен кейін салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Маржан РАҚАЙ,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support