- Advertisement -

Тұңғыш Президент саябағы сәнге оранады

140

- Advertisement -

IMG_3479Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай  қызу жүргізілген  жұмыстардан соң   Тараз қаласы тотыдай таранып   келеді. Ортақ тойға  барлық облыстың  жұдырықтай жұмылып үлес қосқаны  – істің  жүзеге асуын жылдамдататыны анық. Мәселен,  Атырау облысы  ҚР Тұңғыш Президенті саябағының  қарама-қарсы  бетінен жаңа  гүлзар орнату жұмыстарына жауапты.   Мамыр айының соңғы күндері басталған  бұл құрылысты  «ЖаңаКемерҚұрылыс»    жауапкершілігі шектеулі  серіктестігі  қарқынды  жүргізіп жатыр. Гүлзар жұмысына жалпы 50 миллион теңге қарастырылған. Мұнда   2 200 шаршы метр  жер төсеніштері, 6  мың шаршы  метр жасыл төсеніш  төселіп, Қазақ хандығының кезеңін бейнелейтін  екі барельеф   жасалады.   Мұнда 30  жұмысшы мен төрт  техника тынымсыз тер төгуде.  Жас құрылысшылар Бурханаддин Мантенов, Саят Әлімбетовтердің қимылдары ширақ.  Жұмысшылардың  барлығы мемлекетіміздің  өткен  тарихын танытатын мерейтойға  қарапайым еңбектерімен тамшыдай   болса да үлес  қосқанына қуанышты.
–  Гүлзар бойына  40 дана жарық  шам (төртеуі үлкен шам) орнатылып,  екі  су бұрқағы салынып бітуге  жақын. 4 мың шаршы метр жерге жаңбырлатып суару тәсілімен көгеріп тұратын жасыл алқап жасақтаймыз.  Көлемі 378  шаршы метр  жерге көлік тұрағы алаңы  салынады. Жұмысты 25 тамыздан  қалдырмай аяқтауға толық  мүмкіндігіміз  бар,  – дейді   «ЖаңаКемерҚұрылыс» ЖШС-ның директоры   Еркін Құлманбетов.
Қазіргі   таңда мұндағы  шаруаның   85 пайызы жүзеге  асты. Жұмыс кестеге  сәйкес жүруде. Бұйыртса,  «Астана»  ықшам ауданының  тұрғындары демалыс  кездерін  жаңа гүлзарда өткізуге мүмкіндік алады. Сондай-ақ, Президент саябағына   түрлі іс-шараға  немесе қыдырып келген тараздықтарға да бұл құрылыстың  көрсетер қызметі ауқымды  болмақ.

Есет Досалы,
«Ақ жол».

Тараз қаласы.  

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support