- Advertisement -

Тоғызқұмалақшылар табысы

62

- Advertisement -

Ұлттық спорт – тоғыз­құмалақ соңғы кездері өңірімізде қарқынды түрде дамып келеді. Жерлестеріміз әртүрлі додаларда қарсыластарын қапы қалдырып, ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп жүргені де мәлім.
Таяуда Қарағанды қаласында көру мүшелері зақымдалған, мүгедек спорт­шылар арасындағы тоғыз­құмалақтан Қазақстан Республика­сының жекелей чемпионаты өткізілді. Чемпионатқа еліміздің әр қиырынан 16 команда 54 спортшы қатысып, өзара кім мықты деген сауалға жауап іздеді.
Бұл сында да жамбыл­дықтардың асығы алшысынан түскенін мақтанышпен айта аламыз. Облыс құрама командасының намысын қорғаған екі бірдей спорт­шымыз жүлделі орындардан көрінді. Атап айтсақ, қарсыластарынан тактикалық тұрғыда басымдығын байқатып, шеберлігінің арқасында басым түскен Бекзат Таласбаев біріншіліктің І орнын қанжығаға байласа, Ришат Шәміл жүлделі екінші орынды иеленді. Мүмкіндігі шектеулі болғанымен, шеберлігі шексіз жерлестеріміздің толайым табыстарға қол жеткізіп, өңір намысын абыроймен қорғап жүргені көңілге қуаныш сезімін ұялатады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support