Қазақстанның Конституциясына өзгертулер енгізілуі мүмкін. Бұл туралы 7 тамызда Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Конституциялық кеңестің мүшесі Анар Жайылғанова мәлімдеді.
20 жылда еліміздің негізгі Заңы үш мәрте өзгерген болатын: 1998, 2007 және 2011 жылдары. Соңғы жағдайда кезектен тыс Президенттік сайлауға байланысты өзгертулер енгізілді.
“Бұл жолы Конституциядағы нормалар сот жүйесі мен нормативтік-құқықтық сұрақтарға қатысты өзгеріп, түзетілуі ықтимал”, – дейді Жайылғанова ханым.
“Астанада Халықаралық қаржылық орталық ашылмақшы. Ондағы сот Ұлыбританияның жалпы құқығын пайдалансын деп отыр. Ондай болса, біздің Конституциямыздың төртінші бабында біздің құқығымызға қандай мәселелер жататыны көрсетілген ғой. Олар Конституциямыздан, заңдарымыздан, нормативтік-құқықтық актілерімізден тұрады. Ал Ұлыбританияның нормаларын қалайша қолданамыз, егер біз Конституцияда ол туралы атап өтпесек? Осындай өзекті мәселелер қазіргі қоғамымыздың алдында тұр. Сондықтан да осы мәселелерді шешу үшін біздің Конституциямызға өзгеріс енгізілуі әбден мүмкін”, – дейді Конституциялық кеңестің мүшесі Анар Жайылғанова.
Ұқсас жаңалықтар
Дәрігерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау маңызды
- 6 наурыз, 2025
Вакцинация бағдарламалары жалғасады
- 6 наурыз, 2025
Ақпарат
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Жамбылда жазасын өтеушілер Алғыс айту күнін атап өтті
- 1 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді