Жамбыл облысындағы ет комбинаты тәулігіне 40 тоннаға дейін «Халал» өнімдер шығарады (ФОТО)
- author «Ақ жол»
- 7 тамыз, 2015
- 972
Жамбыл облысында Жамбыл ауданының Бектөбе ауылында ірі ет комбинатын іске қосуға әзірленуде, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
«Оңтүстік халал тағамдары» ЖШС жаңа ет комбинатының құрылысы жобасымен Жамбыл облысының басшысы Кәрім Көкірекбаев өзінің өңірге жұмыс сапары барысында танысты.
Жаңа кәсіпорын құрылысының бағасы - 2,5 млрд. теңге. Ет комбинатының қуаты «Халал» стандартына сай тәулігіне 40 тонна дайын өнімдерді құрайды.
Жаңа ет комбинаты заманауи жоғары технологиялы ет өнімдерін шығаратын жабдықтармен жарақтанатын болады.
Кәсіпорында өнім шығару осы жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған. Мұнда Жамбыл облысының 153 тұрғыны тұрақты жұмысқа ие болмақ.
Облыс әкімдігінің мәліметтері бойынша, жамбылдық шаруашылықтар жыл сайын орташа есеппен 100 мың тоннаға тарта ет өндіреді, мұнда ірі және ұсақ мал басы арта түсуде. Сондай-ақ мал бордақылайтын алаңдар мен кешендер саны да өсіп келеді, бүгінде Жамбыл облысында 22 бордақылау алаңдары жұмыс істеп тұр. Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде облыста асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтар саны 13 есе артып, бүгінде олардың саны 100-ден асты.
Жамбыл облысы ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасында 2020 жылға қарай өнеркәсіптік ет өндірісін 40 пайызға дейін арттырып, өнім шығару көлемін 82 мың тоннаға дейін өсіру көзделген.
Ұқсас жаңалықтар
Қызылшамен сырқаттану деңгейі 1,4 есеге азайды
- 20 қаңтар, 2026
Халықтың саулығы бәрінен маңызды
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді








