ШҚО-да әйел емшектегі баласын теміржолдың рельсіне тастап кетті
- author «Ақ жол»
- 7 тамыз, 2015
- 242
ШҚО-ның Глубоковский ауданында мас әйел емшектегі баласын теміржолдың рельсіне тастап кетті. Абырой болғанда, нәрестені байқап қалған бейтаныс жеткіншек оны қауіпті жерден алып кеткен.
Сотта тергеуге алынған әйел бұл әрекетке мас болғандықтан барғанын айтып ақталды. Ол мас күйде баласын көтеріп жүруге қорыққаннан, сәбиді рельстің үстіне қойып кеткенін айтқан.
27 жастағы тұрғын жолдасымен сөзге келісіп, туыстарының үйіне кетіп қалмақ болған. Мас күйде алты айлық баласын көтеріп алған ана сәбиін теміржолдың рельсінің үстіне тастап кеткен. Шамасы, осылайша бүлдіршіннен құтылмақ болған.
Сәбиді ол жерден жеткіншек қыз тауып алып, өз үйіне алып барған. Бірнеше күн бойы қыз баланың отбасы табылған бүлдіршінді өздерінде паналатқан.
Сол уақыт аралығында анасы баласын бір рет те іздеп келмеген екен. Көп ұзамай әйелдің көршілері ауылдық округ әкіміне шағым түсіреді. Нәтижесінде сәби маманданырылған балалар үйіне жіберілді.
Медициналық тексеріс кезінде бүлдіршіннің қан аздыққа шалдыққаны, бас миы шайқалғаны және физикалық дамуы тежелгені анықталды.
Сәбиді тауып алған жеткіншек әйелдің баланы қараусыз қалдырғаны алғашқы рет емес екенін айтуда. Ол әйелдің жолдасымен ішімдікке масайып, айқай-шу шығарғанына куә болған.
Кейін сәбиін шөп арасына лақтырып жібергенде, көршілері оны тауып алып, анасына қайтарған. Алайда әйел мұнысымен тоқтамай, сәбиінен тағы да құтылмақ болған.
Соттың шешімімен әйелге 13 ай бойы қамауға алынып, ішімдікке тәуелділіктен күштеп емдеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар ол ана құқығынан да айырылды.
Ұқсас жаңалықтар
Туа біткен жүрек ақауын емдеудің жаңа әдісі табылды
- 17 қыркүйек, 2024
Тұмауға қарсы екпе салу басталды
- 17 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді