Шетел кәсіпкерлері Түлкібаста алма егуге қызығушылық танытып отыр - ОҚО
- author «Ақ жол»
- 6 тамыз, 2015
- 407
Түлкібаста 2013 жылы 90 га жерге Польша мен Түркия елінен әкелініп егілген «Голден Делишес», «Фуджи», «Старкримсом» алма сорттары өнім бере бастады.
Жалпы аталған алмалар аласа бойлы. Егілгеннен кейін 3-4 жылда өнім беретін, 3,5х1 схемасы арқылы егілетін сорт түрі. Арнайы бағана тіреуіш қойып өсетін алмалар 40 және 50 жылға дейін өмір сүреді. Алдағы күз айларында алма жинау науқаны басталмақ. Биылғы жылы Польша елінің кәсіпкерлерімен бірге аудандағы 3 шаруашылықта қосымша 400 гектар жерге интенсивті алма егуді қолға алмақ.
Ғалымдардың айтуына қарағанда, Түлкібас ауданы - алма егуге еліміздегі ең бір қолайлы өңір. Бүгінде Түлкібас ауданына алма бау егуге шетел кәсіпкерлері қызығушылық танытып отыр. Сонымен қатар алманы алғашқы таралуы Түлкібас ауданындағы «Ақсу-Жабағылы» қорығы аймағында өсетін жабайы алмалалардан бастау алады деген сөз бар. Алдағы уақытта Түлкібас ауданы алма баудың брэнді болмақ, деп хабарлайды Түлкібас аудан әкімінің баспасөз қызметінен.
Ұқсас жаңалықтар
Эндометриозды емдеудің жолы қандай?
- 22 шілде, 2025
Ауруды асқындырмай, алдын алған маңызды
- 22 шілде, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді