«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ақтөбелік студент мүгедек әпкесі үшін бала ұрлады

Ақтөбелік студент мүгедек әпкесі үшін бала ұрлады
ашық дереккөз
Ақтөбелік студент мүгедек әпкесі үшін бала ұрлады
Егде жастағы әйелдің басынан құбырмен ұрып, бір жасар баланы ұрлап әкетті делінген күдікті, колледждің 19 жастағы студенті Азамат Шәріпов бұл әрекетке мүгедек әпкесі үшін барғанын айтты, - деп хабарлайды "Диапазон". Оқиға 2015 жылы 25 мамырда Ақтөбеде болған. Қазір бала ұрлауға қатысты іс сотта қаралып жатыр. Сот отырысында айыпталушының айтқан мәлімдемесі бойынша, әпкесі босанғаннан кейін баласын жоғалтып алған, кейін оның тірі және басқа отбасында тәрбиеленіп жатқаны анықталды. Бұл мәліметті, жігіттің айтуынша, "мейірбике" телефон арқылы хабарлапты. Осыдан кейін ол мекенжайы айтылған әйелге барып, ол жерде тұратын адамдарды бақылай бастаған. 25 мамырда зардап шеккен әйел немересімен серуендеп жүріпті. Оның артынан біреу келіп, темір құбырмен басынан бірнеше рет ұрып, баланы алып қашып кеткен. Әйел бірқатар уақыттан кейін есін жиып, өтіп бара жатқандарды көмекке шақырды. Ақыры күдіктіні такси жүргізушісі ұстады. Шәріпов сотта бұл әрекетке бармай тұрып, оның ақыры не болар деп ойламағанын айтты, ол бірінші кезекте арбаға таңылған мүгедек әпкесін ғана ойлаған. "Мен өз кінәмді мойындаймын және дұрыс істемегенімді түсінемін. Әпкем баласын 2014 жылы дүниеге әкелді, басында бәрі жақсы болды, бірақ кейін шетінеп кетті. Оны бізге мәйітханадан әкеліп берді, жерледік, садақа бердік. 6-7 айдан кейін әпкеме жасырын номерден біреулер хабарласты. Бөтен әйел өзін мейірбикемін деп таныстырды және баланың тірі екенін айтып, ол тұрып жатқан мекенжайды атады. Ол барлығын маған айтып берді, басында сенбедім. Бірақ оның көз жасын көру ауыр тиді, сондықтан барып, баланың қайда тұратынын көруге шешім қабылдадым. Басында үйді бақыладым, сол үйден әйел баламен бірге серуенге шықты. Сол бала екен деп ойладым", - деді ол. Самал Шәріпова інісі бала ұрлауға дейін барады деп ойламағанын айтты. "Оның қандай болғанын, қалай өскенін көргім келді. Басында ініме: "Мен оны иіскеймін, көремін, содан кейін апарып бересің дедім. Бірақ Азамат мұндайға барады деп, ақыры не болады деп ойламадым", - дейді ол. Өз кезегінде зардап шеккен әйел жігітті кешірді. Оның айтуынша, ол жігітті үйдің жанын 6-7 рет көрген, ол жаңбырда да, ыстықта да жүріпті. Ол үнемі әйелді мұқият бақылаған, алайда ол мән бермепті. "Олар әпкесімен бірге бізден кешірім сұрауға келген. Мен оларды кешірдім, маған моральдық, материалдық өтемақы керек емес. Немерем аман-сау, сол күні қайтарып берілді. Баланың анасы жігітке кешірім бергісі келмейді, бұл оған зор күйзеліс әкелді. Ол менің шүйдемнен ұрғанда мен өліп, ал ол баланы ұрлап әкететін еді", - деді ол. Айта кетейік, сотта медициналық қызметкерлер де сөйледі. Олардың мәліметінше, Шәріпованың ұлы шала әрі кеміс болып туылған. Ол бар болғаны тоғыз сағат өмір сүріпті. Сонымен қатар, балалардың туылған күндері де сәйкес келмейді - Самал қазанда босанған, ал ұрланған бала өткен жылдың шілдесінде туылған екен.

Ұқсас жаңалықтар