Ауғанстанда 35 жастағы келіншек бірден бес бала босанды
Ауғанстанның Саманған уәлаятында Резагүл есімді 35 жастағы әйел бірден бес ұл бала босанды.
Азаттықтың Ауған редакциясына Балх уәлаятының аймақтық ауруханасы бас дәрігерінің хабарлауынша, сәбилердің салмағы аз болғанына қарамастан, ана мен сәбилерінің жағдайы қалыпты.
Бірақ дәрігер бірнеше бала қатар туғанда салмақ аздық қалыпты жайт екенін айтады.
Бас дәрігердің сөзінше, 35 жастағы әйел бес баласын өткен аптаның соңында Саманған уәлаятының Хазрат Сұлтан аудандық ауруханасында босанған. Жақсы күтім жасау үшін кейін оны бұл жерден Балх уәлаятындағы аймақтық ауруханаға жеткізген.
Үй шаруасындағы Резагүлдің отбасында тағы бір ұл мен бір қызы бар.
Ұқсас жаңалықтар
Қызылшамен сырқаттану деңгейі 1,4 есеге азайды
- 20 қаңтар, 2026
Халықтың саулығы бәрінен маңызды
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




