900 метрлік тауды жасыл түске бояп шыққан қытайлықты тұрғындар “есуасқа” балады
- author «Ақ жол»
- 6 тамыз, 2015
- 692
Ян Чжиган есімді Қытай азаматы Чунцин ауданында орналасқан 900 метрлік тауды жасыл түске бояп шығу үшін адам жалдаған. Оның ойынша, бұл түс қоршаған ортаға жақсы әсер етеді екен, деп хабарлайды Bnews.kz.
«Тауды бояп шыққан соң оның реңі кіріп қалды. Өзінің табиғи түсі тауға көрік бермей тұрған еді, бір жағы таудың бұрынғы түсі фэншуй қағидаларына еш сай келмейді», – дейді Ян Чжиган.
Алайда жергілікті тұрғындар Чжиганның бұл пікірімен келіспейді. Олардың айтуынша, бұл тау бүгінге дейін өз қалпын өзгертпеген.
«Бояғаннан кейін таудың реңі бұрынғыдан бетер сыйықсыз көрінеді. Жаратқанның ісіне түзету енгізгісі келген барып тұрған есуас», – деп оның бұл ісін күлкі еткен.
Ян Чжиган жалдаған жұмысшылар 1 апта ішінде 2000 м² тауды бояп шыққан. Ел билігінің өкілдері сараптама жүргізіп, бояудың қоршаған ортаға орасан зор зиян келтіретінін анықтаған.
Мамандар бұл істі жан-жақты саралай келе, биліктің рұқсатынсыз өз еркімен тауды бояған азаматқа қатысты шешім шығаруға уәде етті.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




