Қырғызстанның ЕАЭО-ға қосылу мерзімі белгісіз
Қырғызстан 6 тамыздан бастап Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) толықтай мүше болады деген ақпарат дұрыс емес деп хабарлады 6 шілде күні осы елдің экономика министрлігіне сілтеме жасаған Азаттықтың Қырғыз редакциясы.
Министрлік дерегінше, Қырғызстанның ЕАЭО-ға нақты қашан кіретіні белгісіз, әзірге ЕАЭО мүшелері Ресей, Қазақстан, Беларусь және Армениямен келісім жасалмаған.
4 тамызда Астана Қырғызстанның ЕАЭО құрамына қосылу келісімін, ЕАЭО туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы және жекелеген халықаралық келісімдерді ратификациялаған.
Мұның алдында мұндай құжаттарды Ресей, Беларусь және Армения президенттері мақұлдаған.
Еске сала кетсек, бұған дейін қырғыз-қазақ шекарасындағы кедендік бақылаудың күші жойылғанын хабарлаған едік.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




