Айтыскер ақын Ахметжан Өзбековтің жаңадан көлік мінген кезі екен. Бір жолы Құлан жерінде облыстық ақындар айтысы өтетін болып, Ахметжан сол жыр аламанына қатысу үшін өз автокөлігімен асығып бара жатады. Жібек жолы бойымен жылдамдықты асырып, зымырап бара жатқан айтыскерді МАИ қызметкерлері тоқтатады. – Неге жол тәртібін бұздыңыз. Жылдамдықты неге асырасыз? – дейді МАИ өкілі. – Айтысқа асығыс бара жатыр едім, жігіттер,-дейді айтыскер Ахметжан. – Біз жол тәртібін қадағалаймыз, – дейді инспекция өкілі. Сонда Ахметжан: – Жігіттер, сендердің нәсіптерің жолдан ғой. Мен де біреуге беретін емес, біреуден алатын адаммын. Сіздер жолдан аласыздар. Мен де айтыстан алуға бара жатырмын. Ендеше бәріміз алушылар емеспіз бе? – деген екен. Ахметтің сөз саптауын бағалаған МАИ өкілдері «Жүре беріңізші!» депті. Сөйтсе, Ахметжан жылдам жүріп кетпей, өз көлігінің ішінен жүргізуші куәлігін іздеп жатыр дейді. «Кетпейсіз бе, енді?» – деп, МАИ өкілі асықтыра түседі. «Жүргізуші куәлігімді іздеп жатырмын», – депті А.Өзбеков. «Жүргізуші куәлігіңіз бізге керек емес. Біз сізді жібердік қой», – депті МАИ өкілі. Сөйтсе, Ахметжан: – Жүргізуші куәлігі өзіме керек емес пе? – деген екен.
Дайындаған Есет ДОСАЛЫ.
Ұқсас жаңалықтар
2026 жылдан бастап не өзгереді?
- Бүгін, 01:54
16 жыл қатарынан «Үздік команда» атанып келеді
- Бүгін, 01:47
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




