Денсаулық
ҚФФ-ның бұрынғы хатшысы “Астана ЭКСПО-2017″ ҰК-нің басқарушы директоры атанды
- author «Ақ жол»
- 6 тамыз, 2015
- 573
ҚФФ-ның бұрынғы хатшысы “Астана ЭКСПО-2017″ ҰК-нің басқарушы директоры атанды
Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы бас хатшысы Аллен Чайжүнісов “Астана ЭКСПО-2017″ ұлттық компаниясының басқарушы директоры қызметіне тағайындалды.Аллен Чайжүнісов енді “Астана ЭКСПО-2017″ ҰК Маркетинг және дамыту департаментінің директоры міндетін атқаратын болады.
Белгілі болғандай, 2015 жылдың маусым айында Аллен Чайжүнісов ҚФФ бас хатшысы қызметінен босату туралы өтініш жазған.
Сонымен қатар 2015 жылдың 23 маусымынан бастап компанияның басқарушы директоры қызметіне Болат Әшімов кірісті.
2015 жылдың маусым айында “Астана ЭКСПО-2017″ ҰК басқарма төрағасы бірінші орынбасарының бас директоры қызметіне Әлішер Пірметов тағайындалды. Ол бұған дейін қаржы және әкімшілік мәселелер бойынша басқарма төрағасының орынбасары қызметінде болған.
Сонымен, ЭКСПО-2017 ресми сайтындағы мәліметтерге сәйкес, “Астана ЭКСПО-2017″ ҰК басқармасына тағайындалған тұлғаларды назарларыңызға ұсынамыз:
Әділбек Жақсыбеков – басқарма төрағасы;
Әлішер Пірметов – бас директор – басқарма төрағасының бірінші орынбасары;
Серік Тазабеков – басқарушы директор;
Алмаз Жаманбеков – басқарма төрағасының орынбасары;
Майя Егімбаева – басқарушы директор;
Владимир Лютов – басқарма төрағасының орынбасары;
Әнуарбек Мусин – басқарушы директор;
Марат Нұршаев – басқарушы директор;
Марлен Жәкежанов – басқарма төрағасының орынбасары;
Болат Әшімов – басқарушы директор;
Аллен Чайжүнісов – басқарушы директор – Маркетинг және дамыту департаментінің директоры.
Еске салсақ, Ұлттық компанияда жемқорлыққа қатысты бірталай дау туындаған болатын. Мәселен, жақында “Астана ЭКСПО-2017″ басқармасының экс-төрағасы Талғат Ермегияев “өзгенің мүлкін заңсыз иеленді” деген күдікпен құрықталған болатын.
Сонымен қатар “Астана ЭКСПО-2017″ ҰК құрылыс департаментінің экс-басшысы Қажымұрат Үсенов те үйқамаққа алынған.
Ал басқарма төрағасының орынбасары саналып келген Вера Кобалия қызметінен кетіп, оның артынша, туризм, маркетинг және қоғаммен байланыс бағытында Ұлттық компанияда қызмет еткен Салтанат Рахымбекова да өз еркімен орнын босатқаны белгілі болды.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




