Германия федеративтік республикасының 102 жастағы тұрғыны араға 80 жыл салып, докторлық диссертациясын қорғады. Оған нацистік Германия билігі кезінде ғылыми атағын қорғау үшін емтихан тапсыруына мүмкіндік бермепті. Сол тұста оған ғылыми жетекшісі де «егер нәсілшілдік туралы заң болмағанда дифтерияға арналған диссертацияңды қабылдар едім» деп өкінішін жеткізген екен. Ингеборг ханым 1938 жылы АҚШ-қа көшіп барған, бірақ 50-ші жылдары ГДР-ге қайта оралыпты. Ол Берлинде ұзақ жылдар бойы педиатрия профессоры болып еңбек еткен. Енді, міне, арада көп жылдар өткеннен кейін барып кейуананың арманы орындалды. Ингеборг Силлм-Рапапорт (анасы – еврей) Гамбург университетінде диссертациясын өте сәтті қорғап шығып, ғылым докторы атанып отыр. Бұдан бірер жыл бұрын елімізде маңғыстаулық домбырашы Орын Құлсариевтің 77 жасында Атырау мемлекеттік университетінің педагогика және өнер факультетінің сырттай бөлімін бітіріп, диплом алғанын, ал оқуға ақшасы да, уақыты да болмай, бар ғұмырын жер қазып, нәпақа табумен өткізген кениялық Кимани Маругенің 90 жасында мектеп есігін ашқанын, 95 жастағы америкалық кейуана Нола Очстің Канзас университетінде немересімен бір курста оқып, диплом алып шыққанын оқып білген едік. Ингеборг Силлм-Рапапорт болса, әріптестері жеткен «рекордты» жаңартып отыр. Қариялардың оқу, білімге деген құштарлығы саябырламауы шынында да ғажап емес пе?! «Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді