Жамбылда не жаңалық?
Байзақ Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Е.Бықыбаев «100 нақты қадамды» түсіндіру бойынша Қостөбе ауылының тұрғындарымен кездесті. Ол ауыл тұрғындарын облыс көлемінде «Бизнестің жол картасы – 2020», «Жұмыспен қамту», «Жастар практикасы» бағдарламаларының жүзеге асырылу барысымен таныстырды. Мойынқұм Аудан орталығы Мойынқұм ауылындағы Амангелді көшесінің 3,7 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары басталды. Оның жеңімпаз мердігері «Қаратау құрылысы» ЖШС-і. Ол үшін облыстық бюджеттен 78 миллион 600 мың теңге бөлінді. А.Баймұханбетов басқаратын аталмыш мердігер компания жөндеу жұмыстарын тамыз айының соңында тәмәмдамақ. Қордай Мәдениет үйінде дәстүрлі «Профи-2015» байқауы өтті. Оған аудан орталығындағы сән салондарының шаштараздары, визажист-косметологтары қатысып, өз мамандықтарының шеберлігі тұрғысында сынға түсті. Басты жүлдеге «Нефертити» сән салонынан Анна Пурисованың «Өрмекші әйел» аталған шаш сәндеу үлгісі ұйғарылды. Сарысу Тұрғындар арасында діни экстремизм мен терроризмнің қатері жөнінде аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырмасымен аудандық «Жас жігер» жастар қоғамдық бірлестігі №6 өндірістік ауылдық кітапхана филиалының оқу залында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Аталған жиынға Игілік ауылдық округінің бас маманы С.Нұрмаханов және аудандық мешіттің бас имамы Ғ.Қонақбаев, аудандық ішкі істер бөлімінің криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Б.Айтжанов қатысты. Талас Облыстық «Ақ бұлақ» қоғамдық бірлестігі мүшелері Көктал ауылдық округінің жұртшылығымен кездесіп, семинар өткізді. Онда қоғамдық ұйымның төрайымы Н.Рақышова баяндама жасап, табиғатты сақтау, экология мәселесі төңірегінде сөз қозғады. Сондай-ақ, облыстық «Жас таланттарды қолдау» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Д.Төребекова да жас дарын иелерін тауып, демеушілік көрсетудің жолдарын баян етті. Шу Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау КАЗТЕСТ жүйесінің байқау сынағының қорытындысы бойынша Шу аудандық мемлекеттік қызметшілерінің орташа пайыздық көрсеткіші базалық 102.62% құраса, тілді меңгеруде жоғарғы 128 балды иеленген қызметшілер Медет Рахимбаевқа, Жеңіс Нұрғалиевке, 124 балмен Әсем Бегілдаға облыстық тілдерді дамыту басқармасы “Мемлекеттік тілді оқыту орталығы” директоры Күлшат Қожатаеваның атынан алғыс хаттар табыс етілді.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді