Информатика - экономиканың барлық саласында ұтымды шешімдер қабылдау көзі - Д. Маминов
- author «Ақ жол»
- 2 тамыз, 2015
- 204
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Информатика - экономиканың барлық саласында ұтымды шешімдер қабылдау көзі. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында Алматыда информатика пәнінен оқушылар арасында өткен XXVII халықаралық олимпиаданың қола жүлдегері, Алматыдағы Қазақ-түрік лицейінің түлегі, 18 жастағы Данияр Маминов мәлім етті.
Оның айтуынша, қазіргі таңда экономиканың барлық саласында өндірістік үдерістер автоматтандырылып жатыр.
«Өмірде информатиканың алар орны ерекше. Информатика - экономиканың барлық саласында ұтымды шешімдер қабылдау көзі. Соның арқасында өндірісті тиімді ұйымдастыруға болады. Информатика - әмбебап көмекші. Мен бұл салаға кездейсоқ келдім десем де болады. Ал қазір шынында да жолым болды деп санаймын. Өйткені, информатикамен айналысып жүргеніме ризамын. Мұндай деңгейдегі жарысқа бірінші рет қатысуым. Алтын медальдан үміттеніп едім. Бірақ қолаға ғана қол жеткіздім. Бұған өкінбеймін. Ең бастысы, тәжірибе жинақтадым», - деді Д. Маминов.
Сонымен қатар, Данияр Олимпиаданың өте жоғары деңгейде өткендігін және шетелдік әріптестеріне Алматы қаласының қатты ұнағандығын жеткізді.
«Оларға жарысты ұйымдастыру деңгейі де, Алматы қаласы да қатты ұнады. Олимпиада аясында тамаша мәдени шаралар өткізілді. Оқушылар тіпті Алматы облысында орналасқан Түрген шатқалына да барып қайтты. Шетелдік әріптестеріме ұнағанына мен де өте қуаныштымын», - деді Д. Маминов.
ақпарат көзі kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді