Жамбыл облысында газ кен орны табылды
Алдын ала жүргізілген геологиялық барлау есептері бойынша, шикізат қорының көлемі 33 млрд. текше метрге жуық,-деп жазады khabar.kz. Ал алынатын қор шамамен 24 жарым млрд. текше метр болады деген болжам бар. Бұл туралы «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы, Газ тасымалдау жүйесін басқару жөніндегі басқарушы директоры Мұхатай Шаңбатыров мәлімдеді.
Оның айтуынша, геологиялық іздестіру жұмыстары бір жарым жыл бойы жүргізілген. Бұл кен орны табиғи газ және газ конденсатын өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Оның экономикалық оң ықпалы да бар. Мәселен, көлемді жаңа газ қоры оңтүстік өңірлерге берілетін көгілдір отын импортын азайтуға мүмкіндік тудырады. Мұхатай Шаңбатыров, «ҚазТрансГаз» АҚ Газ тасымалдау жүйесін басқару жөніндегі басқарушы директоры -Жер қойнауы Жамбыл облысында орналасқан. Сондықтан мұның енді өнімі, газы осы республиканың оңтүстік облыстарында пайдаланылады. Оның қосатын үлесі де бір сыпыра жоғары болады. Қазір жоспарлы жұмыстар жасалынады. Одан кейін бұрғылау жұмыстары. Бұрғылау жұмыстарынан кейін қандай көлем беретіні нақтыланады.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




