Зейнеткер өзінің адамды қалай өлтіргені жайлы күнделік жазып шыққан
- author «Ақ жол»
- 31 шілде, 2015
- 966
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында адам өлтірді деген күдікпен 67 жастағы зейнеткер әйел ұсталды.
Оның пәтерін тінту барысында айғақ зат ретінде күнделік пен эзотериялық кітап табылды. Күнделікке зейнеткер өлтірілген 10 адамның өлімі туралы бүге-шігесіне дейін жазған. Бұл туралы BBC хабарлады.
Күдікті Тамара Самсоноваға 79 жастағы Валентина Уланованы өлтірді деген айып тағылуда. Жәбірленушінің басы кесілген денесі осы айдың басында табылған.
Алдын ала белгілі болған деректер бойынша, күдікті осы қылмысқа дейін Уланованың пәтерінде бірге тұрып, оған қарайласып жүрген.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері 2003 жылы дәл сол жерде басы кесілген ер адамның мәйіті табылғанын ескеріп, қосымша тергеу амалдарын жүргізеді.
Күдіктіні тінту кезінде оның бұл өлімге де қатысы бар екені дәлелденді. Атап айтқанда, Самсонованың пәтерінен жәбірленушінің жеке заты табылды.
Одан бөлек, жоғарыда айтылғандай, жасаған қылмыстар жазылған күнделік те тергеушілердің қолына түсті. Бір қызығы, зейнеткер әйел ол жазбаларды үш тілде, яғни, ағылшын, француз және неміс тілдерінде жазған.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




