Тараздық 2 жарым жастағы сәби дәрігерлер қателігінен 7 рет химиялық ем қабылдаған
- author «Ақ жол»
- 31 шілде, 2015
- 254
Дәрігерлер небәрі 2 жарым жастағы балаға онкологиялық дертпен ауырады деп бірнеше рет химиялық ем қабылдатқан. Кішкентай Ілиястың ата-анасы осылай деп шағымданып отыр.
Айтуларынша, ағзаға ауыр курстық емдеу мен ота жасалған. Ең сорақысы, диагноздың қате қойылған болып шықты.
2 жылдан бері Құсайыновтар отбасы кішкентай ұлдарының денсаулығы үшін шарқ ұрып әлек. Басында қызуы жиі көтеріліп ауырғанда, сырқатын нақты анықтай алмаған Тараздағы дәрігерлер Алматыға барыңдар деп жөн сілтепті.
Қиындық та осыннан басталған. 2013 жылы республикалық педиатрия жәнен балалар хирургиясы орталығының мамандары балаға нейробластома деп диагноз қойған. Ата-анасының айтуынша, Ілияс сол диагнозбен бақандай 7 рет химиялық ем қабылдапты.
Баламды қоян сияқты сойып тастады. Екі мәрте операцияға түсті. Осы жасалған жерде тағы бір рет жасап едік, ішінде жібін ұмытып кетіпті дейді.
Сол кезде шаштары түсіп, аппақ сұпыдай болып қалған баласын ақыры түберкулезбен ауырады деп шығарып тастады дейді анасы.
“Баламды қоян сияқты сойып тастады. Екі мәрте операцияға түсті. Осы жасалған жерде тағы бір рет жасап едік, ішінде жібін ұмытып кетіпті дейді. Оған да келістік баламыз үшін”, – дейді Ілиястың анасы Ақмарал Ахметова.
Кейін дәрігерлер балада онкологиялық ауру жоқ, туберкулез деп диагноз қойған. Олар өз қателіктерін мойындамай отыр.
Анасының айтуынша, ғылыми орталықта Ілиястың диагнозын Бахрам Мәлікайдарұлы дейтін дәрігер қойған. Ол ота жасау арқылы алынған ағзаны Германияға жіберіп, гистологиялық анықтама аламыз деген екен. Алайда Ақмарал әлі күнге дейін бұл анықтаманы қолдарына бермей отырғанын айтады. Бүгін орталықтың есігін тағы да қаққанмен, дәрігер анықтама жайлы жауап беруден басын алып қашты.
Ата-анасының айтуынша, Ілияс сол диагнозбен бақандай 7 рет химиялық ем қабылдапты.
Республикалық педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы басшылығы да мардымды жауап бермеді. Ал Ілиясқа ота жасаған дәрігер болса, сөзінен тайқып отыр дейді ата-ана. Әділдік іздеп төзімі таусылған отбасы енді сотқа жүгінуден басқа амалымыз қалмады деп отыр.
Ілиястың ауруханадан-ауруханаға ауысып, үйіне бармағанына да 2 жылдан асыпты. Қазір туберкулезге қарсы ем қабылдап жатқан сәби үйге қайтқысы келетін айтты.
Қазіргі таңда баланың жағдайы жақсарып келе жатыр дейді дәрігерлер.
Құсайыновтар отбасы баланың денсаулығына тиген зардап өтемін қайтарғысы келеді. Ұлдарының саулығын тілеген ата-ана үйлерін де сатып, қазір пәтерде тұрып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді