Басты жаңалық
Қырық метр биіктіктен құлап, аман қалған жігіт әлем жұртшылығын таңғалдырды
- author «Ақ жол»
- 30 шілде, 2015
- 911
Қырық метр биіктіктен құлап, аман қалған жігіт әлем жұртшылығын таңғалдырды
Он жетінші қабаттан яғни қырық метр биіктіктен құлап, аман қалған жігіт әлем жұртшылығын таңғалдыруда деп жазды 24.kz.
Әлем халқын таңқалдырған бұл жайт Чилидің Ранкагуа қаласында болған. Жолы болғыш бозбаланың тек аяғы сынған екен.
Оқиға жақын маңдағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Әлгі жігіттің айтуынша, ол достарымен бірге түнгі клубқа барыпты. Үйіне таңға жуық оралған соң таза ауамен демалмақ болып, самалдыққа шыққан.
Өзін батыр сезініп, жақтауға отырған бойда тепе-теңдікті сақтай алмай, 17-қабаттан құлап кеткен.
“Жерге қалай құлап бара жатқаным ғана есімде қалыпты. Бейнебір түс көргендей болдым. Көзімді ашсам, ауруханада жатыр екенмін”, – дейді зардап шегуші Себастьян Рейерс.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




