Сұрапыл соғыс жылдары Александр Матросовтың ерлігін қайталаған Кеңес Одағының Батыры, даңқты жерлесіміз Ақәділ Суханбаев өшпес ерлік жасаған күн – 31 шілде. Ол – поляк елінің Стжельцовизна ауылы үшін болған қырғын ұрыста екі қолы жараланғанына қарамастан, фашистің пулемет нүктесіне ұмтылып, амбразураны өз денесімен жапқан жанкешті батыр. А.Суханбаев жиырма бір жасында 174-Борисовск Қызыл Тулы атқыштар дивизиясының 628-Гроденск Қызыл Тулы полкіндегі 1-батальон құрамында ерлік көрсетті. Жүрек жұтқан жауынгер Белоруссия, Литва, Польшаны азат ету үшін болған шайқастарда басқыншыларға тегеурінді тойтарыс берді. Поляк жерінде ерлігімен артында өшпес із қалдырған батырымыздың ТМД Қарулы күштері мұражайында Кеңес Одағы Батыры атағына ұсынған қағаз сақтаулы тұр. Беларусь астанасы Минскіде орналасқан Ұлы Отан соғысы мұражайында азат етуші жауынгерлер сапында А. Суханбаевтың да портреті ілінген. Сонымен қоса Гродно қаласында қазақтың батыр баласы А. Суханбаевқа көше атауы берілген. Батырдың облыс орталығындағы ескерткішіне жылда 31 шілдеде дәстүрлі түрде гүл қою рәсімі өткізіледі. Батыр ерлігі қашанда ұрпаққа ұран. «Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Төл теңге төңірегіндегі түйткіл қандай?
- 16 қаңтар, 2025
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
- 16 қаңтар, 2025
Ақпарат
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді