АҚШ дәрігерлері 8 жастағы балаға 2 қол салып берді.
- author «Ақ жол»
- 29 шілде, 2015
- 928
Осылайша Сион Харви аталған операцияны жасатқан ең жас науқас атанды. Осы айдың басында болған операция 11 сағатқа созылған. Бұл туралы дәрігерлер тек бүгін ғана жариялап отыр.
Харви баспасөз мәжілісінде саусақтарын қимылдатып көрсетіп, қолдарының қозғалғанын сезіну біртүрлі екенін айтты. Операцияға 40 дәрігер қатысқан. Олар баланың сүйектерін болат пластинкалар және бұрандалармен бекітіп, сосын күретамыр, көктамыр, бұлшық ет, сіңір, жүйке тамырларын тігіп шыққан.
Балалар ауруханасы медициналық сақтандыру төлемінен басқа, ақша алмаймыз деп мәлімдеді. Ал Харвидің арманы асқақ. Ол америкалық футбол ойнауды үйреніп, балалардың спорт кешенінде шыныққысы келеді.
“Маған алаңдайтын ештеңе жоқ, себебі қасымда маған қолдау білдіретін отбасым, немере бауырларым, ата-әжелерім бар. Нәтиже жақсы болмаса, отбасыма ораламын”, – дейді Сион Харви.
Харви балалар ауруханасында әлі бірнеше апта болып, оңалту бағдарламасынан өтеді. Ол сәби кезінде сепсис ауруына шалдығып, ақыры дәрігерлер оның қолы мен табанын кесуге мәжбүр болған.
Харви протез аяқпен жүріп, жүгіріп, секіре алады. Қатарынан қалмай мектепке барады. Сонымен қатар ол білегімен жазып, тамақ ішіп, бейнеойындарды ойнауды да үйреніп алған.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




