Непалдағы елдімекендердің бірінде 10 жасар бала құрбандыққа шалынды деп жазады Reuters. Дживан Кохардың денесі Кудийя елдімекені іргесіндегі егістік алқабынан табылған.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, қылмыскерлер баланың басын кесіп алыпты.
Тергеу барысында белгілі болғаны, сәбиді өлтіруге тапсырысты Кодай Хариджан есімді жергілікті тұрғын берген. Ол өзінің науқас баласын емдеу мақсатында тәуіпке барған көрінеді.
Әлгі емші болса баланы ауруынан айықтыру үшін өзге сәбидің қаны керектігін айтқан. Хариджан ойнап жүрген 10 жасар баланы алдап, ауылдың шетіне шығарып, тәуіппен бірге оны құрбандыққа шалғаны анықталды.
Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, қайтыс болған бала да, оны өлтіруге тапсырыс бергендер де жоғарғы таптың өкілдері.
Полиция қазір бұл іске қатысы бар деген күдікпен 11 адамды қамауға алды. Олардың бесеуі өз қылмыстарын мойындап отыр. Ал, құрбандықтан кейін Хариджанның ұлы ауруынан айықпаған.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




