«Жабайы жарнамалар» мүйісі
Тараз қаласының Сәкен Сейфуллин көшесінің бойындағы мына бір ғимарат қабырғасына бейберекет жапсырылған жарнамалар көрер көзге жағымсыз әсер қалдыратыны сөзсіз. Сондай-ақ, осы маңдағы әнебір стенд күйінде ілінген жарнама көрнекілігіндегі әріп қателерді айтпағанның өзінде, оның дәл осылай ортасынан ойылып, жыртылып тұрғанына да біраз уақыт болды. Бұл секілді «жабайы» жарнамалар мүйісін аталмыш көшенің өзге де аумақтарынан және қала ішіндегі көпшілік орындардан да жиі кездестіруге болады. Шаһар шырайына нұқсан келтіріп, жағымсыз әсер қалдыратын осындай келеңсіздіктер де көшелерді абаттандырушы топтың назарынан тыс қалмаса екен...
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




