Экзоғаламшарларды іздеуге арналған америкалық "Кеплер" телескопы Аққу мен Лира жұлдыздар шоғырында Жерге ұқсас ғаламшарды анықтады. Бұл туралы АҚШ аэроғарыш агенттігінің сайтында хабарланды.
"Ашылуының 20 жылдық мерейтойында өзге күндердің ғаламшарлары бар екенін дәлелдеген "Кеплер" Күн мен Жерге ұқсас ғаламшар мен жұлдызды тапты. Бұл тамаша нәтиже, оның арқасында біз Жер-2.0 ғаламшарын табуға жақындадық", - деп мәлімдеді NASA ғылыми бағдарламалар жетекшісі Джон Грансфельд.
Kepler-452b деген атауға ие болған ғаламшар "тірі аймақта" Күнге ұқсайтын өз жұлдызын айналады, яғни ғалымдар онда ақуыз тіршілігі бар деп болжайды. Ол Жерден 60 пайызға үлкен, оның салмағы мен құрамы әзірше белгісіз. Бұл ғаламшарда бір жыл 385 күнге созылады, оның орбитасы Жердің орбитасынан 5 пайызға ұзын.
Ашық ғаламшар өзінің Kepler-452 деген жұлдызынан Жер мен Күннің қашықтығына қарағанда бес пайызға алыста орналасқан. Мамандардың есептеуінше, Kepler-452 жұлдызы Күннен 1,5 миллиард жыл бұрын пайда болған; оның жасы 6 миллиардқа жетіп отыр, оның температурасы Күндікіндей, алайда 20 пайызға жарығырақ әрі диаметрі 10 пайызға үлкен. Kepler-452 жұлдыздар жүйесі Жерден 1400 жарық жылы қашықтықта.
Ұқсас жаңалықтар
Мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтті
- 12 наурыз, 2026
200 мың педагог ChatGPT Edu жобасына қосылады
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




