Астанада масалар жайында "Өлгендермен селфи" атты қорқынышты фильм түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Картинаның түсірілім жұмыстары аяқталды, фильм монтаждалып жатыр.
Үрейлі оқиға Астанада болады, басты рольдегі адам масаларды өлтіру туралы ғылыми жұмыспен айналысады, дегенмен ол нәтиже бермейді. Оның орнына адамдарды зомбиға айналдыратын вирус таралып кетеді. Фильм режиссері әрі сценарий авторы - Ермек Шаяхмет.
"Түсірілім жұмыстары Астанадағы белгілі жерлерде өтті, оның ішінде "Бәйтерек" пен "Хан шатыры" да бар. Сондықтан да көрермендерге Бәйтеректің ішінде зомби көрген қызық болады деп ойлаймыз", - деді түсірілім тобының мүшесі Айдос Есмағамбетов.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мүсінін жасап аты шыққан қостанайлық Есмағамбетов актерлерге грим жасады. Оларды зомбиға айналдырды. Ол картина реиссерімен Интернет арқылы танысқан. Режиссер оны түсірілімге қатысуға шақырады. Үрейлі фильмнің экранға шығу уақыты әзірше белгісіз.
Осыған дейін Қазақстанда үрейлі екі фильм түсірілді: Тұрсын Құлахметовтың "Махаббат - қастық" фильмі және Еркін Рақышевтың 2011 жылғы "М-агент" фильмі. Екі фильм де өз көрермендерін тапты.
Ұқсас жаңалықтар
Биыл Маралтай оқулары республикалық деңгейде өтті
- 4 желтоқсан, 2025
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




