«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Кітап аты - "Майдан хаттары"

Кітап аты - "Майдан хаттары"
ашық дереккөз
Кітап аты - "Майдан хаттары"

Облыс әкімдігі мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен облыстық мемлекеттік мұрағаттың мәжіліс залында журналист Мақұлбек Рысдәулеттің «Майдан хаттары» атты кітабының тұсаукесері өтті. Рәсімде облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков майдан қасіреті қанша жыл өтсе де ұмытылмайтынын, өзі де майдангердің перзенті екенін айта келіп, «Майдан хаттары» кітабына өзінің әкесі Серікбек Орынбековтің хаттары енгеніне ерекше қуанышты екенін білдірді. Кітап тұсаукесеріне сондай-ақ Сара Өтеғұлова (майдангер Құдайберген Көшековтің жары), Светлана Тайлақова (майдангер Иманжан Тайлақовтың қызы) қатысты. Облыс әкімдігі мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, облыстық «Қазақстан-Тараз» телеарнасының бас директоры Мейрамбек Төлепберген, майдангер отбасының өкілдері Сара Өтеғұлова, Қазихан Жұмалиев сөз сөйлеп, «Майдан хаттары» кітабының мазмұнына, оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі орнына тоқталып, авторға алғыстарын білдірді. Төрт жасында Отанын қорғауға кеткен әкесінен көз жазып қалған, майдан даласында опат болған әкесінің қабірін ұзақ жыл ізденіп, Украина жерінен тапқан Светлана Иманжанқызының сөзін көпшілік көздеріне жас алып, тебіреніп тыңдады. Кітапқа Кеңес Одағының Батырлары Бауыржан Момышұлы, Баубек Бұлқышевтың хаттары да енгізілген. Ыбырайым Сүлейменов, Сәду Шәкіровтің майданнан жолданған сағынышқа толы хаттарын да толқымай оқу мүмкін емес.

Есет Досалы, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар