Ұлыбританияда Құранның әлемдегі ең көне парағы табылды. Бирмингем Университетінің қызметкерлері кітапханада сақталған қасиетті кітаптың парағы 1370 жыл бұрын жазылғанын анықтады.
Ғалымдардың айтуынша, бұл парақтың жазған адам Мұхаммед пайғамбармен кездескен немесе оның насихатын тыңдаған жан болуы мүмкін.
Жүздеген жылдар қолтаңба Таяу Шығыстан келген кітаптар мен құжаттармен бірге оқу орнының кітапханасында сақталып келген. Қой немесе ешкі терісіне жазылған мәтінге зерттеушілердің бірі назар аударған. Сосын парақты радиокөміртегі талдауынан өткізді. Зерттеу нәтижелері киелі кітап фрагменті 568, 645 жылдар арасында жазылғандығын (95 пайыз) көрсетті, деп жазады ТАСС.
«Құранның әлемдегі ең көне парағы бізде сақталыпты - ғажап жағдай», - деп алған әсерін жасыра алмады университет өкілі Сьюзен Уоррал. Таяу Шығыстан келген мыңдаған көне құжаттармен қолтаңба парағын 1920-шы жылдары университетке Ирак тумасы, тарихшы Альфонс Минган табыстаған.Ұқсас жаңалықтар
Мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтті
- 12 наурыз, 2026
200 мың педагог ChatGPT Edu жобасына қосылады
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




