АҚШ вице-президенті жұрт алдына беті көгеріп шықты
АҚШ вице-президенті Джо Байден жұрт алдына беті көгеріп шықты. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады. 20 шілде күні мүгедектер туралы заңның қабылданғанына 25 жыл толуына орай Ақ үйдің Шығыс залында салтанатты шара өтті. Осы шараға қатысқан АҚШ вице-президенті ел алдына ернінен сәл төменгі жағы көгеріп шыққан. Оны суреттен анық байқауға болады. ABC NEWS телеарнасының хабарлауынша, АҚШ вице-президенті Джо Байден бұл жеңіл жарақатты итімен ойнап жүріп алған. Салтанат кезінде Джо Байден сөз сөйлемеген, алайда, Барак Обаманың қасында езуін жимаған күйі көңілді тұрды. Байденнің өзі де «Чемпион» есімді итімен ойнап жүріп, бетін көгертіп алғанын айтқан. Телеарнаның мәлімдеуінше, АҚШ вице-президентінің отбасында неміс овчаркасы бар. Кейде Джо Байден қоғамдық іс-шараларға сол итімен бірге келеді.
Ақпарат көзі: http://egemen.kz/2015/07/21/70634Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




