«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Божко бекер келмейді

Божко бекер келмейді
ашық дереккөз
Божко бекер келмейді

Еліміз 2000 жылдан бері химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымға мүше

Таразда өткізілген «Химиялық қауіпсіздік -2015» командалық-штабтық оқу-жаттығулары үш күнге созылды. Командалық-штабтық оқу-жаттығудың ашылуы рәсіміне  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко қатысып, химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымның бастамасымен өткізіліп отырған шараның мән-маңызына тоқталды.

10– Қазақстан 2000 жылдан бері химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымға мүше.  Химиялық қаруға тыйым салу туралы конвенция да сол кезде ратификацияланған. Содан бастап бірнеше жыл бойы қауіпсіз реагенттер туралы химиялық қауіпті объектілерді айырбастау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырды. Үкімет химиялық қауіпті нысандар бойынша ықтимал апаттарға  байланысты техногендік апаттардан халықты қорғауға үлкен көңіл бөледі. Республиканың барлық қауіпті объектілерінде объектілік машықтанулар, тактикалық-арнайы және командалық-штабтық жаттығулар өткізіледі, соның барысында кәсіпорындар персоналдарын, халықты және аумақты техногендік қауіптерден, соның ішінде химиялық ластанудан қорғауды қамтамасыз ету мәселелері пысықталады, – дейді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко. Жиында Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі көмек ұйымның техникалық хатшылығының көмек пен қорғау бөлімінің басшысы Шон Дэкалю  де аталмыш шараның қаншалықты маңызды екенін тілге тиек етті. Айта кету керек, командалық-штабтық оқу-жаттығулары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымның Техникалық хатшылық арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес ұйымдастырылып, үш күнге созылады деп жоспарланған болатын. Оқу-жаттығуларға Ішкі істер, Сыртқы істер, Қорғаныс, Инвестициялар және даму министрліктері, облыс әкімдігі мен ұйымның техникалық хатшылық басшылығының өкілдері мен Армения, Беларусь, Болгария, Грузия, Куба, Литва, Польша, Румыния, Тайланд және Украинадан 15 өкіл қатысты. Командалық-штабтық оқу-жаттығулар бірінші күні ҚР ІІМ ТЖК төрағасының орынбасары Жасұлан  Жұмашев, облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков, Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаменті төрағасының орынбасары Талғат Байзақов, «Құтқарушы»  әскери апаттық құтқару қызметінің басшысы Болат Лүшікбаев, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Санитарлы авиациялық республикалық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Нұрлан Ақылбеков  және  облыстың төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Евгений  Мершиёв баяндама жасап, көтеріліп отырған мәселеге орай ойларын ортаға салды. Оқу-жаттығулары аясында Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өрт сөндіру бөлімінде арнайы техника және жабдықтар көрсетілді. Ондағы су жаңа технологиялар қонақтардың көңілінен шығып, алдағы уақытта олардың толықтырылу жайы сөз болды. Әсіресе, «Қазавиақұтқару» АҚ  «ЕС-145»  тікұшағының техникасы көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Бұл тікұшақ адамдарды құрлық пен теңізде іздеуге және құтқаруға, науқастарды және апатқа ұшыраған жандарды көшіруге, төтенше жағдай аймағына қажетті нысаналы жабдықпен бірге құтқарушыларды жеткізуге және өзге де шұғыл істерге арналған. Одан бөлек, өрт сөндіру техникалары да жіті таныстырылды. Әсері күшті улы заттардың, яғни аммиак, хлор сынды химиялық қауіпті заттардың  таралуына байланысты апаттардың алдын алу, залалдың тұрғындарға тигізер зияны туралы келелі ой-пікірлер айтылды. Командалық-штабтық оқу-жаттығулардың тәжірибелік кезеңдері «Қазфосфат» ЖШС   нысандарында өтті. Онда химиялық авария туындайтын төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару бөлімшелерінің өзара іс-қимыл алгоритмі пысықталды. Таңдаудың химия өнеркәсібі өрістеген зауытқа түсуінің өзіндік себебі бар. «Қазфосфат» ЖШС сұйық аммиакты пайдаланып, минералдық шикізатты өңдеу және тыңайтқыш шығаратын зауытта жұмысшылардың саны көп. Сондықтан ол ықтимал химиялық ластану қаупі бар нысандардың қатарына  кіреді.

Наурызбек САРША, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар