Қала әкімі Нұржан Календеров Индонезия республикасының төтенше және өкілетті елшісі Фостер Гулт пен оның кеңесшісі Вахью Вивавоны қабылдады. Кездесуде Фостер мырза Индонезияның өңірімізбен тығыз қарым-қатыныс орнатуға бейіл екенін айтып, экономикалық байланыстар жасауға мүдделі екенін жеткізді. Сондай-ақ, облысымызға тұғыш рет сапарлатып келгенін тіліне тиек еткен ол, тарихы терең Тараз шаһарының бүгінгі келбеті көзтартарлықтай күйде екеніне ерекше тоқталды. Ал, Нұржан Сәбитұлы қос тарап үшін де тиімді жобаларда бірлесіп жұмыс жасауға қашанда қарсы еместігін білдіріп, қазаққа тән қонақжай қасиетпен Индонезия елшісінің келген қадамына құт тіледі. Бейресми жиын соңында екі жақ бір-біріне естелік сыйлықтар тарту етті.
"Ақ жол-ақпарат".
Ұқсас жаңалықтар
«Made in KZ» көбейген сайын отандық бизнес дамиды
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




