Жамбыл облысында Қазақ ұлттық медициналық университетінің филиалы ашылады
- author «Ақ жол»
- 20 шілде, 2015
- 294
Болашақта Жамбыл облысында Қазақ ұлттық медициналық университетінің филиалы ашылады деп жоспарлануда. Осыған орай өңір басшысы Кәрім Көкірекбаев пен С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің ректоры Айкан Ақанов арнайы кездесу өткізді. Кездесу барысында Жамбыл облысының әкімдігі мен ұлттық медициналық жоғарғы оқу орны арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қол қойылған меморандум шеңберінде ұлттық жоғарғы оқу орны Жамбыл облысының медицина қызметкерлерінің әлеуетінің дамуына ықпал ететін болады, қашықтықтан оқытуды және телемедицинаны енгізу, әлемдік деңгейдегі шетелдік сарапшыларды шақыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ аймаққа диагностикадағы жаңа технологиялар мен бастапқы медико-санитарлық және мамандандырылған көмек деңгейінде емдеуді енгізуге үлес қосатын болады. Сондай-ақ, диабет орталығының ашылуы, ана мен бала денсаулығын қорғау қызметіндегі, мейірбике ісі, науқасты қолдау қызметі мен ішкі аудиттегі технологияны дамыту жоспарланып отыр. Медициналық жоғарғы оқу орны әлеуметтік медицина дамуындағы, сонымен қатар реабилитациялық көмек көрсетудегі тәжірибесімен бөліседі. Жалпы, өткен жылы Жамбыл облысында аумағында 25 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді. 300 төсектік көпсалалы қалалық аурухана және 200 төсектік облыстық перинатальды орталығының құрылысы жүріп жатыр, 2014 жылы республикалық бюджеттен бұл нысандарға 3,5 млрд.теңге бөлінген.
"Ақ жол-ақпарат"
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді