«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ақын-жазушыларға арналған "Алтын тобылғы" байқауы басталды

Ақын-жазушыларға арналған "Алтын тобылғы" байқауы басталды
ашық дереккөз
Ақын-жазушыларға арналған "Алтын тобылғы" байқауы басталды
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры құрған "Алтын тобылғы" әдебиет жүлдесін беру тәртібі белгіленді. Бұл туралы "Әдебиет порталы" хабарлады. Хабарда жүлденің мақсатының қазіргі заманғы қазақ әдебиетін дамыту және насихаттауға көмек көрсету болып отырғаны жазылған. Жүлденің ұйымдастырушысы және құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры. Жүлде конкурстық негізде келесі номинациялар бойынша беріледі: "Жылдың үздік прозасы", "Жылдың үздік поэзиясы", "Жылдың үздік драматургиясы", "Жылдың үздік балалар әдебиеті", "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Мәңгілік ел" идеясына арналған үздік шығарма". Сонымен қатар, жеңімпаздарға "Алтын тобылғы" әдебиет жүлдесінің лауреаты атағы және 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай сыйлық беріледі. Ал "Мәңгілік ел" аталымы бойынша жеңімпазға 1,5 миллион теңге мөлшерінде арнайы жүлде тағайындалады. Конкурстық жұмыстарды ұсыну мерзімі 2015 жылғы 1 шілдеден бастап 1 қарашаға дейін. Байқау қорытындысы 2015 жылғы желтоқсанның бірінші онкүндігінде жүзеге асырылады. Жұмыстарды конкурсқа ұсыну тәртібін мына жерден көре аласыздар. Айта кетейік, қолжазбаларды және жеңімпаздарды (лауреаттарды) бағалауды Жүлденің Құрылтайшысы Қазақстанның белгілі жазушылары мен ақындарынан, сондай-ақ кемінде 7 мүшеден тұратын Жүлде Құрылтайшысының және әріптестерінің, баспа қызметінің өкілдерінен құратын конкурстың қазылар алқасы жүзеге асырады. "Объективтілікті сақтау мақсатында барлық жұмыстар анонимдік принциптерді сақтай отырып бағаланады. Жұмыстарды бағалаған кезде қазылар алқасы келесі критерийлерді басшылыққа алады: тақырыптың өзектілігі және сонылығы, баяндау мәнерлігі/ бейнелеу өнері", - делінген Ережеде.  

ақпарат көзі tengrinews.kz

 

Ұқсас жаңалықтар