Экономика
Биыл Астана қаласының капиталына салынған инвестициялар 10,8 пайызға өсті
- author «Ақ жол»
- 19 шілде, 2015
- 648
Биыл Астана қаласының капиталына салынған инвестициялар 10,8 пайызға өсті
Астана қаласының капиталына салынған инвестициялар 10,8 пайызға өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Статистика департаментінің хабарлауынша, 2015 жылғы қаңтар мен маусым айлары аралығында капиталға салынған инвестициялар 270646,8 миллион теңге болды, бұл 2014 жылғы қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 10,8 пайызға артық. Астананың республикалық көлемдегі үлесі 10,1 пайыз болды. Инвестициялардың көбі жеке меншіктегі кәсіпорындармен игерілді, бұл олардың 70,1 пайызына тең болып отыр.
Айта кетейік, Астанада "Ұлт жоспары - 100 нақты қадам" бойынша қаржы орталығы құрылады. Яғни, ТМД мемлекеттері мен Орталық Азия аймағы бойынша қаржылық хаб елордада орналасатын болады.
Қаржыландыру көздері бөлінісінде мемлекеттік бюджет каражаты - 29,8%, кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаты - 52,7%, банк несиелері - 5,5%, басқа қарыз қаражаттары - 12%.
ақпарат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Отбасы бюджеті: жоспарлау, кіріс пен шығысты басқару
- 22 қаңтар, 2026
Ет те көп, сүт те көп
- 20 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




