Басты жаңалық
Бішкекте көзі жойылған лаңкестер Қазақстан азаматтары болып шықты
- author «Ақ жол»
- 17 шілде, 2015
- 788
Бішкекте көзі жойылған лаңкестер Қазақстан азаматтары болып шықты
Кеше Бішкекте көзі жойылған лаңкестердің Қазақстан азаматтары екені анықталды деп хабарлайды АКИpress агенттігі.
Алдын ала болжам бойынша, өлтірілген лаңкестер Қазақстанда құрылған экстремистік топтың өкілдері болуы мүмкін. Олар Қырғызстанға өз қатарын толтыру үшін келген деген болжам да бар.
Дегенмен, ҚР СІМ бұл жайтқа байланысты әлі мәліметті әлі растаған жоқ. Ведомство өкілдері содырлардың азаматтығын анықтаумен айналысып жатыр.
Айта кетейік, кеше Бішкек қаласында арнайы операция барысында 4 лаңкестің көзі жойылған болатын. Сондай-ақ, құқық қорғаушылар тарапынан 4 адам жарақат алды. Олар қазіргі таңда арнайы госпитальде ем қабылдап жатыр. Дәл осы күні Бішкектің өзге ауданында жүргізілген операция кезінде тағы екі содырдың көзі жойылды.
Белгілі болғандай, өлтірілген лаңкестерден бөлек арнайы жасақ олардың бірнешеуін тірідей ұстады. Әзірге олардың саны нақтыланған жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




