Басты жаңалық
Мысырда имам Қадір түні жасаған дұғасы үшін қызметінен қуылды
- author «Ақ жол»
- 17 шілде, 2015
- 842
Мысырда имам Қадір түні жасаған дұғасы үшін қызметінен қуылды
Мысыр билігі ел астанасы – Каир қаласындағы Амр ибн әл-Ас мешітінің имамы әрі шейх Мұхаммед Жибрилді Қадір түнінде жасаған дұғасы үшін қызметінен қуды, деп жазады Ислам.кз.
Имам тарауық намазынан кейін: «О, Алла, қанымызды төгіп, балаларымызды жетім қалдырғандарды жазала. О, Алла, «Перғауын сиқыршылары» – тілшілерді жазала. О, Алла, жемқорларды жазала. Әділетсіздік істегендерді жазала. О, Алла, баспанамызға қол сұққандарды жазала. Тирандар мен жәбір көрсетушілерді жазала. Қалтасын ойлайтын шейхтерді жазала», – деп дұға еткен екен.
Шейх дұғасында ешкімнің атын атап, түсін түстемесе де, оның бұл дұғасы билік тізгінін ұстап отырғандарға ұнамай қалған.
Олар бұл дұғаны өз аттарына айтылып жатқандай қабылдап, имамды қызметінен қуып, оның үстінен осы дұғасы үшін қылмыстық іс қозғалды.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




