Қазақ хандығына 550 жыл: Бөкей және Жәңгір хандардың қылыштары табылды

Қазақ хандығына 550 жыл: Бөкей және Жәңгір хандардың қылыштары табылды
ашық дереккөз
Қазақ хандығына 550 жыл: Бөкей және Жәңгір хандардың қылыштары табылды

20150717000524Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауында атап көрсетілгеніндей, сан ғасырлық тарихымызды қастерлеудің маңызы зор.

Осы ретте көне жәдігерлердің орны ерекше. Орыс зерттеушілері Китта­ры мен Сабанщиковтың жазбала­рында көрсетілген, кезінде Жәңгір ханның «Қа­ру-жарақ палатасында» болған Әбіл­хайыр әулетінен Бөкей және Жәң­гірдің хан тағына отыруына орай Ресей патшалары берген қы­лыштары табылды. Бұл туралы Бөкей ордасы тарихи-музей кешенінің директоры Ғайса Махимов мәлім етті.

«Өткен жылы әдеттегідей жұмысқа келіп, басылымдардың жаңа сандарын оқып отырып, Ресейден шығатын «Мир музея» журналындағы «В Соколиной баш­не Ханского дворца» (Галина Останенко, музей истории и культуры крымских татар «Ханский дворец») деген мақалаға кө­зім түсті», - деді Ғайса Темірболатұлы. Бұл мақалада хан Жәңгірдің 1823 жылы таққа отырған кезінде Александр І патшаның сыйға тартқан қылышы туралы айтылған екен. Осы мәліметтерге сүйене отырып, дереу ғаламтор арқылы іздестіру жұмысын жүргізіп, «Бахчисарайский историко-культурный и археологический музей-заповед­ник» музейінің «В Бахчисарае открылась выставка средневековых оружий» деп аталатын қару-жарақ экспозициясы туралы түсірілген деректі фильмді тауып алдық. Көрмеде көз тартарлықтай көне қарудың түр-түрі жетерлік екен. Ішінде мақалада жазылған Александр біріншінің Жәңгір сұлтанға хан дәрежесіне көтерілуіне байланысты сыйға тартқан қылышы да тұр. Экспозицияны таныстырып жүрген экскурсия жүргізушісі құн­ды жәдігерді Бөкей хандығынан қалған деп айтып өтеді. Ішінде Жәңгірдің жинақтаған басқа да қарулары болар деген оймен ғаламтор арқылы музейге Жәңгір ханның қару-жарақ палатасының басқа да жәдігерлерін сұрасты­рып, хат жолдадық. Көп күттірмей бізге Хан сарайының ғылым жөнін­дегі орынбасары Полканова Анна Юрьевнадан жауап келді. Онда: «Здравствуйте, уважаемый Гайса Темирбулатович! На Ваше письмо о клинке, указанном в статье Г.Останенко «В Соколиной башне Ханского дворца» в журнале «Мир музея за ¹314 от 10 октября 2013 года сообщаем, что он действительно находится в фондах нашего музея», - деп жазылған. Ханнан қалған мұраның сақталғанына кө­­зіміз анық жеткен соң, қалған жәдігерлерді сұрастырып, тағы да хат жолдадық. Алайда бұл са­уа­лымызға көпке дейін жауап бе­­­рілмеді. Арада сегіз ай өткен соң күтпеген жерден мынадай қуа­нышты хабар келді: «Уважаемый Гайса Темирбулатович, пишет Вам Зайцев Илья. В недавнем прош­лом я работал заместителем директора Бахчисарайского ис­то­рико-культурного заповедника. Мне пере­сла­ли Ваше письмо в Музей о казахских клинках. Дей­с­тви­тельно, в Музее есть два клинка ханов Бу­кея и Джангира. Я совсем не­дав­но делал доклад о них в Москве на конференции (с пе­реводом над­писей и обстоятельствами по­­па­да­ния сабель в Бахчисарай). Этот до­клад готовится сейчас к пуб­­ли­ка­ции в журнале в Москве. Я го­тов пе­реслать Вам мою статью. С уважением, Илья».

Бөкей ор­да­сы тарихи-музей кешені құ­ра­­мын­да­ғы екі ғасырға жуық сақ­талған хан сарайының шығыс бө­лігі мен Елбасы Н.Назарбаевтың қабылдаған «Мәдени мұра» бағ­дарламасы арқылы қайтадан қал­пына келтірілген хан сарайының орталық бөлігі мен батыс бө­лі­гі болашақта ханның мемориал­дық музейі болып жасақталмақ.

«Алдағы уақытта аталмыш құнды жәді­гер­лер күні бүгінге дейін сақталған хан сарайының шығыс бөлігінде жасақталған «Қару-жарақ палатасы» музейіне, яғни өзінің орны­на қойылса, бөкейліктер үшін үл­кен қуаныш болар еді. Қа­зақ хан­­дығының 550 жылдығына орай Батыс Қазақстанда белгіленген ша­ралардың бірі Бөкей ордасы ауданының Хан ордасы ауылында өтеді деп жоспарлануда. Осы айтулы оқиға қарсаңында қос ханның қылышы өзінің тарихи орнына қайтарылса дейміз»,  - деп түйіндеді ойын Ғ.Махимов.

Ұқсас жаңалықтар