Қазақстанда сақтар жайлы жаңа деректер табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің "Халық қазынасы" ғылыми-зерттеу институты мен Марғұлан атындағы Археология институтының Астана қаласындағы филиалының бірлескен зерттеу тобы Алматы облысы Райымбек ауданының Қарқара ауылдық округіне қарасты Қарқара жайлауында сақтардың "патшалық" ескерткішінде қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр. Зерттеу нәтижесінде біздің дәуірімізге дейінгі VI-V ғасырларға жататын сақ билеушісінің құрметіне салынған ірі көлемді ескерткіштің бірнеше құрылымдық элементтері - жер бетіндегі құрылымы, айнала қоршап жатқан тас қоршау қаландылар, орлар ашылды.
"Сақтардың архите
ктурасы, жерлеу ғұрпы және дүниетанымы жайлы жаңа мәліметтер алынды. Жетісулық сақтардың әлеуметтік дәрежесі жоғары, беделді билеушісі қойылған бұл кешеннің айналасынан төрт ғасырдан соң ғұн-сармат кезеңінде, бір мезетте жерленген 45 қоршау-обалар да ашылды. Қоршаулардан бас киімнің ілмекті алтын қапсырма әшекейлері, моншақтар, қыш ұршықтар және тағы да басқалар табылды", - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
2026 жылдан бастап не өзгереді?
- Бүгін, 01:54
16 жыл қатарынан «Үздік команда» атанып келеді
- Бүгін, 01:47
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




